№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Өзіңменен жайқалардай гүл-бағым,
Жолыққанда айтылар көп сырларым.
Кеше, жаным, тағы кірдің түсіме,
Маза бермей, түнгі ұйқымды ұрладың.
Қайырмасы:
Жылдар бойы күткенім де сен едің,
Саған жаным жүрегіммен сенемін.
Сенің бейнең үміт сыйлап жаныма,
Іңкәр сезім құшағына енемін.
Сені іздеймін жұлдызды айлы түндерде,
Сені іздеймін бақта жалғыз жүргенде.
Қызғанамын сені жаным сыртыңнан,
Шаттанамын сен түсімде күлгенде.
Қайырмасы
Ай мүсінің ақ қайыңнан аумаған,
Ақ дидарың мені өзіне баураған.
Содан бері қанша жылдар өтсе де,
Аяулымсың жүрегімді жаулаған.
Қайырмасы