№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Зікіра Қожаев | |||
2. | Мұхан Байбосынов |
Пəк сезімнің іліндіріп қармағына,
Айналдың сен аялаған арманыма.
Күндіз -түні шықпай қойдың жадымнан,
Қиялдаймын, жыр арнаймын,
Кездерімде сағынған.
Қайырмасы;
Аңсап күтіп жүргенімде,
Сен мені іздеп келмедің бе?
Саған деген сағынышым,
Сақталады жүрегімде.
Шешілмеген жұмбағы көп бұл өмірде,
Өшпестей боп сақталасың жүрегімде.
Саған деген жан сырымды сездің бе,
Шалқып - тасып, қол ұстасып,
Болайықшы біз бірге.
Қайырмасы
Алға жылжып бара жатыр өмір өзен,
Сені көрем көңілімнің көзіменен.
Көрген сайын қарай берем ұрлана,
Бақытыма жол ашатын,
Аңсағаным сен ғана.
Қайырмасы