№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Салғанда сырлы әніңді,
Лаулады сезім жалыны.
Ұмыта алмадым сол кезді.
Тәтті мұң тербеп жанымды.
Аралап сезім бақтарын,
Жүректің емін таппадым.
Әніңе ғашық болсам да,
Өзіңе ғашық боп қалдым.
Сезімнің шертіп күйлерін,
Өзіңді құлай сүйгенмін.
Бақыттан басым айналып,
Келеді тағы билегім.
Сұлуым, нәзік гүлсің сен,
Күлімдей қарап тұрсың сен.
Сырымды жүрмін айта алмай,
Сағынышым боп жүрсің сен.
Жақындап нұрлы жүзіңе,
Тіл қаттым барып өзіңе.
Жүректі ессіз тулатқан,
Қараймын саған үзіле.
Әніңмен тербеп арайлы,
Тамсанттың жаным талайды.
Білсең ғой мынау жалғанда,
Мен үшін жансың аяулы.