№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Шаяхмет Алжамбаев |
Алаулы албырт шақ кезімде,
Жастықтың оты ойнап көзімде.
Таңсұлу, өзіңмен танысып,
Бөлендім ғашықтық сезімге.
Қайырмасы:
Таңсұлу, Таңсұлу, көрікті ең,
Жаз күлкің жанымды еліткен.
Өмірдің бекеті, өмірдің бекеті тоғыспай,
Жолымыз айрылды неліктен, неліктен?
Тағдырға тұра алар қарсы кім?
Өмірдің басы – той, арты – мұң.
Бейнеңді көрсем-ау, бір-ақ сәт,
Қайдасың, қайдасың, Таңсұлу?
Қайырмасы
Зымырап қаншама жыл ақты,
Сол күндер дәл кеше сияқты.
Ақ жүзің арайлы таң еді,
Жаныма төгетін шуақты.
Қайырмасы