№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Қасымхан Бегманов |
Өзіңді аңсап қилы сапар шеккен ем,
Күні кеше құс шулаған көктем ем.
Кездеспедік, жолдар ма екен кінәлі,
Саған қарай беттегенмен жетпеген.
Қайырмасы:
Тағдырлармыз, тоғыспастан үзілген,
Ұзап барам мына сұлу күзіңнен.
Жалғыздықтан жабырқадым, жарығым,
Құстар қайтып бара жатыр тізілген.
Қоштастым мен көзім алды бұлдырап,
Бұлақ ағып жатты ақырын сылдырап.
Жапырағы желге ұшқан сарғайып,
Екеумізден сырын бүгіп тұрды бақ.
Қайырмасы
Сағыныштан сарғайдым сол шақтарда,
Сыр жасырмай, мұңымды айттым бақтарға.
Жанарымның жас кернеді жиегін,
Өзіңді аңсап алыс-алыс жақтарда.
Қайырмасы