| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұхан Байбосынов | |||
| 2. | Роза Сұлтанәлиева | |||
Өмір бізге сын, гүлім,
Жайнай берсін нұр жүзің.
Туған күнге қабыл ал,
Ән-жырымды, жұлдызым.
Қайырмасы:
Мөлдірейді жанарың,
Үлбіреген қарағым.
Туған күнің бүгінгі,
Құтты болсын, аяулым.
Ашылар-ау күн кеуде,
Сен шаттанып күлгенде.
Менің көңілім толады,
Сен бақытты жүргенде.
Қайырмасы
Ақ тілегім саған мол,
Ары таза адам бол.
Қалсын есте осы күн,
Ғұмырлы бол, аман бол.
Қайырмасы