№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Темірхан Әбдік |
Көптен бері кездеспедік екеуміз,
Жолықпасақ мүлдем жат боп кетерміз.
Сағыныштар арамызды жалғаған,
Махаббаттың сертіне біз бекембіз.
Қайырмасы:
Хат жазамын, хат жазамын мен сізге,
Хабарымды аңсай күтіп жүрсіз бе?
Жүрегімде сезім өшпей тұрғанда,
Жан сырымды айтпай қалу мүмкін бе?
Хат жазамын, қалсын көңіл бір гүлдеп,
Сездірді ме, саған жүрек бүлкілдеп.
Тәңір бізге сыйлады пәк махаббат,
Екі араға елші болып жүрсін деп.
Қайырмасы
Сіз күтесіз... сағынасыз білемін,
Түсінемін ғашықтардың тілеуін.
Қатар қонған екі жұлдыз едік біз,
Бірін-бірі қадір тұтып сүйетін.
Қайырмасы