№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұхан Байбосынов | |||
2. | Темірхан Әбдік |
Қазақтың бағына,
Жаралдың әз аға.
Елжіреп сағына,
Ән жаздың анаға.
Теріскей даласы,
Елтіді үніңе.
Арыстың жағасы,
Іздейді күніге.
Қайырмасы:
Ұнайтын баршаға,
Сән берген ортаға.
Әндерің тамсантты,
Әлемді Шәмші аға.
Әніңмен басталды,
Әрбір той-мерекең.
Ән бұлақ таусылмас,
Қазынам сен екен.
Сынына тағдырдың,
Сезімің сөнбеді.
Ән сыйлап қалдырдың,
Ұғар деп ел мені.
Шөлдесең қандырып,
Жалындай өшпейтін.
Әндерің мәңгілік,
Көңілден көшпейтін.
Қайырмасы