№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Азнабай Тәшімов | |||
2. | Сағидолла Дәлелхан |
Жетісудың жеріндей,
Жер бар ма екен елімде!?
Ән салады құмдары...
Кербұлақтың төрінде.
Қайырмасы:
Айғайқұмым-ай!
Айтшы, жырыңды-ай!
Бүкіл әлем тыңдайды,
Сенің, мұңыңды-ай.
Алатаудың таулары,
Биік-биік заңғары!
Сол тауларға жете ме,
Айғайқұмның айқайы!
Қайырмасы
Айғайқұмға келсеңші!
Иіле сәлем берсеңші!
Айғайқұмның мұң-зарын,
Өзінен сұрап білсеңші!
Қайырмасы