№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжазира Омарова | |||
2. | Марат Жолдыбаев |
Жалған өмір зымырап көш керуен,
Жылдар зулап таң атса кеш кірумен.
Сан сынақтар өмірде берілсе де,
Қиындыққа келесің дес берумен.
Басқа түссе қиынның күйе дебі
Ақылыңыз керемет дем береді.
Тынысымыз тірлікте сізбен бірге,
Жұдырықтай жүрекпен кеудедегі.
Қайырмасы:
Ақ сүтіне нәр берген қарыздармыз,
Ізгіліктен сізден боп табылармыз.
Бір сәтке анам алшақтап кетсе бізден,
Қол үзіп қалардай боп, сағынамыз.
Жырақтамашы анашым сағынамыз,
Шаршай қалсаң жаныңнан табылармыз.
Мейіріміңе шомылған ұл-қызыңның,
Сізге деген құрметін қабылдаңыз.
Жеткізем деп арқалап бізді күн-түн,
Сәби сезім арнар жыр толқып бұл күн.
Сезімімнің асылы сізғой – ана,
Сезіндірген аналық махаббатын.
Тауқіметті өмірлік сан сынау да,
Ораныпты самайың ақ қырауға.
Соңғы кезде науқас боп қалған сайын,
Жүрегіміз күйзеліп қан жылауда.
Қайырмасы