№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ермек Қожахметұлы |
Келіп тұрып тойымызға,
Билемейсің сен неге.
Әлде досым қартайдың ба,
Шама жоқ па билеуге.
Ей, құрдасым тұр орныңнан,
Ортаға шық билеуге.
Әлде досым тұра алмастай,
Отырсың ба илеуде.
Қайырмасы:
Биле досым, биле, биле, биле тез,
Бәрімізді біріктіріп билет тез.
Күнде осындай той думандар болмайды,
Биле биле биле биле биле тез.
Биле досым биле биле биле тез,
Көңіл күйің көтерілсін бимен тез.
Дос жаранның ортасына кеп тұрып,
Биле досым биле биле биле тез.
Міне досым дәл осылай
Билей берші тағыда.
Ертең еске аламызғой
Тойымызды сағына.
Құрбы құрдас көңіл көтер
Ұмытылсын уайымдар.
Көтеретін көңіл күйді
Әлі талай тойың бар.
Қайырмасы