MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Менің Зайсаным
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№60, 18 қаңтар 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Батима Жылқыбаева
2.Бейбіт Құсанбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Тауыңнан тасың төгіліп жерге.

Қырыңнан сайың сөгіліп белге.

Жусаның аңқып көңілім шалқып,

Жарысып желмен келемін елге...

 

Қайырмасы:

Айбарым болған – Сауыр-Сайқаным

Сағынышымды ән ғып айтамын.

Жыр-әнім – өзің, тұмарым – өзің,

Жасай бер, жаса, мәңгі Зайсаным!

 

Жауқазын гүлдеп, тобылғың бүрлеп.

Көкірегімді сағыныш кернеп.

Бал күнім өткен қараша үйде,

Анашым отыр бесігін тербеп...

 

Қайырмасы

 

Тал шыбық мініп, тай қылып шапқан.

Атаның сөзін, қабағын баққан.

Келмеске кеткен, бала күндерім,

Сағынышымдай, сарғайып батқан...

 

Қайырмасы

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика