№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Менің қаным қайнайды кей кездерде,
Ел тағдыры батпайтын кей ездерге.
Атақты да, даңқты да, билікті де,
Ақшаменен өлшейтін көр көздерге.
Қайырмасы:
Менің жаным ашиды жазасызға,
Жазықсыздан зар болған баласызға.
Сөз қадірін білместен, билік айтып,
Қазақ тілін білмейтін санасызға.
Менің қаным қайнайды кей кездерде,
Екі тілде сайрайтын сылдыр сөзге.
Жаныменен шын күліп, шын жыламай,
Әртіс болып тұратын бет жүздерге.
Қайырмасы