№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Шынар Кендін | |||
2. | Ғанибек Мурашимов |
Сені көргім келеді, неге менің?
Көрсем, көркем сезімге бөленемін.
Көзіңе тік қарауға дәтім бармай,
Көңілдің ұшырамын көбелегін...
Сені көрсем, орнайды басыма күн,
Шуағынан гүл болып ашыламын.
Жанартауы жанымның жарылардай,
Жалт етіп, жанып барып, басыламын...
Сені көрсем, сел болып төгілемін,
Білмеймін, періште ме, пері ме едің?
Мен сені көрмесем де, маған қарап,
Күлімдеп тұрғаныңды сезінемін...
Мен сені... өзің айтшы, неге көрем?
Қашанғы дегеніңе көне берем?
Көрген сайын от құшқан көбелектей,
Жалыныңа өртеніп өле берем...
Ақыл мен сезім деген – бөлек әлем,
Ішінен жүрегімнің өлең өрем.
Көрінбей кетсем егер, кінәлама,
Мен сені – кездеспей-ақ көре берем...