MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Сені көргім келеді
Әннің атауы
Әннің атауы:
Сені көргім келеді
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№60, 18 қаңтар 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бағашар Мұхамеджан
2.Шынар Кендін
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сені көргім келеді, неге менің?

Көрсем, көркем сезімге бөленемін.

Көзіңе тік қарауға дәтім бармай,

Көңілдің ұшырамын,

Көңілдің ұшырамын,

Көңілдің ұшырамын көбелегін...

 

Сені көрсем, орнайды басыма күн,

Шуағынан гүл болып ашыламын.

Жанымның жанартауы жарылардай,

Жалт етіп, жанып барып,

Жалт етіп, жанып барып,

Жалт етіп, жанып барып, басыламын...

 

Сені көрсем, сел болып төгілемін,

Білмеймін, періште ме, пері ме едің?

Мен сені көрмесем де, маған қарап,

Күлімдеп тұрғаныңды,

Күлімдеп тұрғаныңды,

Күлімдеп тұрғаныңды сезінемін...

 

Мен сені... өзің айтшы, неге көрем?

Дегеніңе қашанғы көне берем?

Көрген сайын от құшқан көбелектей

Өртеніп жалыныңа,

Өртеніп жалыныңа,

Өртеніп жалыныңа өле берем...

 

Сезім менен ақыл деген – бөлек әлем,

Жүрегімнің ішінен өлең өрем.

Көрінбей кетсем егер, кінәлама,

Мен сені – кездеспей-ақ,

Мен сені – кездеспей-ақ,

Мен сені – кездеспей-ақ көре берем...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика