№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Сын сағатта сабыр сақтап жас жаның,
Бір ерлікке қайсарлықпен бастадың.
Ойламадың өз басыңды, сол сәтте,
Амандығын тіледің де басқаның!
Қайырмасы:
Қалды есте, жарқын бейнең жайнаған,
Ата-анаңа, не деп басу айта алам?
Рухың сенің оралсыншы, үйіңе,
Немере боп, жиен болып қайтадан!
Оқыс апат, неткен қайғы, ауыр хәл,
Бірге кетті біздің қазақ бауырлар!
Панасына алып Алла, жұмақта,
Құрбылардай бірге жүрсін, арулар!
Қайырмасы
Сені әкелген ата-анаң өмірге,
Қан жылайды, қаяу түсіп көңілге.
Әзербайжан ұлтының – батырысың,
Атың өшпес, өзің сүйген еліңде!
Қайырмасы