№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нұржан Ахметбеков | |||
2. | Қайрат Бестібаев |
Қайда екен, қайда,
Қалықтап ұшқан шағала.
Мен келіп тұрмын,
Жылдарды салып..., араға.
Алыстап кеткен күндерді салып есіме,
Толқындар ғана,
Соғады келіп жағаға...
Қайдасың менің,
Оралмай кеткен ақ кемем?
Өзіңмен бірге
Балалық кетті.., тап менен.
Қоштасар сәтте байлаған орамалымды,
Қайтаршы маған,
Балдырған қызық шақпенен, ақ кеме...
Мен келіп тұрмын,
Халіңді айтшы, ақ кеме.
Сырыңды менен
Жасырып өзің тап деме..
Өткен күндерді өретін саған өлеңмен,
Шағала құсап,
Қона алмай кетті бақ неге!?
Жақында бері,
Айтамын мен де сырымды.
Балалықпенен,
Тұншығып қалған бір үнді.
Қол жетпес жерде тұрсаң да айтам мен бүгін,
Жиналып қалған,
Мұңым мен қуанышымды.