№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Назым Әділбайтегі |
Адам болсаң адал бол,
Ісіменен жағатын.
Адам болсаң таза бол,
Мөлдір судай ағатын.
Адам болсаң тура бол,
Қаймықпай тік қарайтын.
Қилы қиын жолдарын,
Алып өтуге жарайтын.
Қайырмасы:
Адам болсаң арлы бол,
Арыңды таптатпайтын.
Арамы пасықтарды
Басыңнан аттатпайтын
Адам болсаң күндей бол
Қыздырып күйдіретін
Адамның адамына
Өзіңді сүйдіретін
Адам болсаң тұмар бол,
Мойынға тағып жүрер
Үлгі етіп үлкен кіші
Еріксіз айтып жүрер
Адам болсаң алға жүр
Үмітті үрлеп жақ та
Антыңа адал болып
Сырыңды берік сақта
Қайырмасы