№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұрат Сапаров | |||
2. | Роза Сұлтанәлиева |
Сүйіншілеп аулыңа келдім бүгін-ай,
Әнімді арнап сіздерге
Халқым менің-ай, алтын елім-ай.
Той белгісі пейілдің кеңдігінің-ай,
Қуаныштан тойыңда
Шалқып едім-ай, алтын елім-ай.
Қайырмасы:
Көңілің нұрға толсын деп,
Ақ тілек оңды болсын деп.
Әнімді шырқап өтейін,
Тойларың құтты болсын деп.
Басыңа бақыт қонсын деп,
Ағайын тұр ғой жол сілтеп.
Батасын беріп ата-ана,
Тойларың құтты болсын, деп.
Күй күмбірлеп, шалқысын әсем әнің-ай,
Кең дастархан басында
Күліп ойна-ай, гүлдей жайна-ай.
Бір ғанибет сөздері асабаның-ай,
Осы тойда, ағайын,
Күліп ойна-ай, гүлдей жайна-ай.
Қайырмасы
Жүрек соғар дүрсілдеп,
Аталарға бір құрмет.
Аға-іні, қарындас,
Аналарға мың құрмет.
Қайта келмес бұл күн деп,
Қуан, шаттан, жұртым деп.
Қызмет ету сіздерге,
Біздерге де бір міндет,
Тойларың құтты болсын, деп.