MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Бесік той
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№61, 1 ақпан 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Роза Сұлтанәлиева
2.Тұран Сыздықов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Шыр етіп дүниеге бала келді,

Қуантып ата-ананы, тәмәм елді.

Ақ отау, жасау толы қоржынымен,

Бесігін нағашылар ала келді.

               

Қайырмасы:

Бесік той зор қуаныш, мереке ғой,

Бесік той – ұрпақ үшін өнеге той.

Әжелер жөргегінен сәбиді алып,

Бесікке оң жағынан бөлеген той.

Бесігі ақ бөпенің құтты болсын,

Тілейміз денсаулығы мықты болсын!

Ағайын, құда-жекжат, көрші қауым,

Бесік той, шілдехана құтты болсын!

 

Арнап ән, бата-тілек, тәтті лебіз,

Ел болып бесік тойды өткіземіз.

Таратар теберік қып тоғыздарды,

Керемет той шашуы деп білеміз.

 

Қайырмасы

 

Алладан тілеп перзент несібесін,

Береміз көрімдігін, бәсіресін.

Үкілеп жабу жапқан тал бесікте,

Тіл-көзден аман болып, өсіп-өнсін!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика