MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Кешірім
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№61, 1 ақпан 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Аманжол Мақажанов
2.Роза Есенгелдиева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Кешірдім,

Кешірем бәрін де,

Кешірім бар менде әлі де.

Кектеніп, кесірге бармаппын

Көрместей болсам да әлі де.

 

Кешірем,

Кесірлі жанды да,

Кешірім тазартар арды да.

Кешірдім, аяқтан шалғанды

Кешірдім қызғаншақтарды да.

 

Күрсіндім демеймін өкпеден,

Кешірім сұрама тек менен.

Кінәдан пәк қыла кешірдім

Керіліп несіне кектенем.

 

Кінәсіз, күнәсіз пенде жоқ,

Кінәні жасырмас перде көп.

Кең болсам, кемігіп қалмаспын

Көкірек керу де менде жоқ.

 

Кешірім мейірім бастауы,

Кешуге шақырам басқаны.

Кісілік жасайық кем күнде

Кек деген ұмытып қасқаны.

 

Кісінің күні де кісімен,

Кәрі деп, болмейік кіші ме ең.

Кешірім жасаған кісінің

Көркемдік көрінер ісінен.

 

Көңілдер тек сонда тазарар,

Кешірім жүректі тазалар.

Кек толса кірлейді жүректе

Кірлесе кесірмен азады ар.

 

Кінәмшіл болмайық адамдар,

Кешу мен басталсын қадамдар.

Кешірер Алла да күнәңді

Кешіре бәріне қараңдар...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика