MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қыз ұзату
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№61, 1 ақпан 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жомарт Сейтбеков
2.Роза Сұлтанәлиева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Қыз ұзату тойыңда жиналып бар ағайын,

Ақ тілек арнайды саған, айым.

Ата-ана, дос-бауыр арасынан,

Бойжетіп, бөлініп барасың-ау.

 

Қайырмасы:

Айналайын,

Шаңырақ шаттығы жаным-күнім,

Еркелер елігім, сәнім, гүлім.

Ұзатар өзіңді елің бүгін.

Айналайын,

Аттанып өмірдің белесіне,

Ақ отау төріне енесің бе,

Ұяңды қия алмай кетесің бе?

 

Алтыным-ау, қоштасып балалық күніңменен,

Жанарда бір тамшы дірілдеген.

Аялы ата-анаң алақаны,

Ұшырар ұядан балапанын.

 

Қайырмасы

 

Қос аққудай сезерсің жаңа өмір басталғанын,

Өсіп-өн, іске ассын жақсы арманың.

Жұптасар жас отау шақырады,

Бақыттың ақ жолы жатыр алда.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика