| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Бектұрған Батырханұлы | |||
| 2. | Роза Есенгелдиева | |||
Өмір – өзен ағып жатқан арнасыз,
Бұл тіршілік тоқтамайды барда сіз.
Байлық, бақыт, қуанышпен шаттығың,
Жатыр міне келешекке жалғап із.
Қайырмасы:
Көк көйлекті көктеп киген қыз едік,
Аналарға бойды қарап түзедік.
Сары күзбен, сара жолдар өтіпті,
Енді қайтып, енді қайтып оралмайды қыз елік.
Ерке қыз-ау, алқымдадың алпысты,
Алпыс деген қазақ айтқан тал түсті.
Қыз ұзатып, келін алып бұл жаста,
Өз жолына қоясың-ау әр істі.
Қайырмасы
Арнауыма арқау болсын алғысым,
Құтты болсын торқалы той алпысың!
Әр адамға ұнайтыны өзіңнен,
Мейірімді жанға жайлы болмысың.
Қайырмасы