№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ермек Қожахметұлы |
Құтты болсын мерейтойлар,
Бар туысты жинаған.
Қуанышты бөлісетін,
Бауырың бар сыйлаған.
Аңсап жеткен тойымызды,
Түсірмесін тағынан.
Тойыңызда ән айтайын,
Бауырлардың атынан.
Қайырмасы:
Тойың тойға ұлассын,
Елу, алпыс, жетпіс жас.
Салған әні қыр ассын,
Ағайынның бауырлас.
Шуақты өмір сүретін,
Қайрат берсін қажымас.
Жүзге дейін жетіңіз,
Елу, алпыс, жетпіс жас!
Құтты болсын қуанышың,
Туысқандар қолдаған.
Тілектері қабыл болсын,
Сізге арнап жолдаған.
Өмір міне өтіп жатыр,
Ұшқан құстай зулаған.
Жүзге келген тойға дейін,
Жүріңізші сіз де аман!
Қайырмасы