№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов |
Асығамын туған ауылға,
Ақпейілді туыс бауырға.
Қуаныштан құстай ұшып келемін,
Туған жерім Жамбылға.
Қайырмасы:
Жамбылым менің,
Ән-жырым дедің.
Сағынышты арқалап,
Саған келемін.
Сағынышты арқалап,
Саған келемін, Жамбылым.
Барайықшы сұлу Кеңсайға,
Әкежандай жарқыраған жер қайда.
Көктоғамды шабыттанып аралап,
Жол тартайық жайлауға.
Қайырмасы
Көрінеді Арғанаты тауымда,
Жастарымыз еңбекпенен жолында.
Бұлақтарын ауылыма нәр берер,
Жақсылықтар бола берсін ауылда.
Қайырмасы