№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов |
Дертке дауа, шипасымен дем берер,
Іс бар ма екен бұл ерлікке тең келер?
Ауырғанның көріп жүрміз жағдайын,
Дәрігерден шипа тауып емделер!
Қайырмасы:
Ақ халатты шипагер жан – Ермегім,
Науқастарды жан аямай емдедің!
Жарық өмір қайта сыйлап адамға,
Сен болмасаң жәрдем берер елге кім?!
Ізгі жүрек, жанарыңда мейірім,
Айналайын қардай әппақ пейілің!
Тарбағатай тарланысың, сен Ермек,
Денсаулыққа қойған барлық зейінін.
Қайырмасы
Бақытты ғой, ауылымның бірлігі,
Жарасымын тапқан ырыс тірлігі!
Риза саған бүкіл ауыл Ермекжан,
Дәрігер боп, емдеп жүрген, күн-түні.
Қайырмасы