№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бибігүл Сағат | |||
2. | Жібек Искакова |
Жан серігім о, гитарам,
Жанымды әнмен тербеген.
Өмірдің көп сындарында,
Құлауға жол бермеген.
Қайырмасы:
Әуен қосар жаныма,
Әнім сенсің о, гитарам,
Жан серігім жайдарлы әнім,
Жырым да сен о, гитарам!
Бесігінде ән мен жырдың,
Әлдилеген о, гитарам.
Әуенімнен әсерлі үнмен,
Ғажайып бір күй табам.
Әнім де сен, жырым да сен,
Жаны нәзік о, гитарам.
Қолыма алсам тек өзіңнен,
Жанға жайлы сый табам...
Қайырмасы