№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жібек Искакова | |||
2. | Жұпаркүл Бекшораева |
Жүздескенде еселейтін бағымды,
Күндей болып шуақты еткен жанымды.
Туысқандар жаны жайсаң асылым,
Жақсы көрем шын жүректен бәріңді...!
Қайырмасы:
Туысқандар – жанашырым, көркемім,
Өсе берсін бүршік жарып өркенің.
Туыстарым – шаттығымның мекені,
Сіздер барда қуанышым көп менің...!
Әрбіреуің ерекшесің, дарасың,
Бірің – ана, енді бірің – ағасың.
Туысқандар жарық берер әрдайым,
Күнім, айым, жұлдызым боп жанасың...!
Қайырмасы
Сендер жайлы жыр жазылар қаншама,
Қарайлаймын әрбіріңе тамсана.
Туысқандар жүрегімнің үнісің,
Бар жақсыны тілеймін мен баршаңа...!
Қайырмасы