№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлжанат Мұхамеджан | |||
2. | Эльмира Сәрсенбайқызы |
Арманға әппақ қанатты қағып, көгімде талай қалқыдым,
Жастықтың буы жанды тербеп, шуағына бір шалқыдым.
Болмаса мейлі, көргенім менен білгенім сонша айтарлық,
Менің де енді есімді жиып, алғаным жөн-ау сәл тыным...
Қайырмасы:
Қапыда дәйім қызықтан талай қалып та кеттім демеспін,
Қиялым самғап, көп жерге барып біршама жанмен кеңестім.
Қараңғы күнім көп болғанымен бес күндік мынау жалғанда,
Бақытты болып көрінбесем де, бақытсыздау да емеспін...
Мейлі, шықсын қарсы алдымнан болсын мейлі мұң әр күн,
Құласам да, жыласам да, сабырыммен тек шыдармын.
Көрінген жанға күлімдей қарап, мұңымды іштей жасырған,
Бақытсыз емес, басқадан гөрі... бақыттырақ та шығармын...
Қайырмасы