| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
| 2. | Мұса Ахметов | |||
Айбыды елдің тұмары,
Жанары оттың қырағы.
Алты Алаштың ұланы,
Жаса қазағым, қазағым!
Тілі бар өткір алдаспан,
Самғаған көкте талмастан.
Ұрпағы текті жалғасқан.
Жаса қазағым, жаса қазағым!
Қайырмасы:
Кең байтақ жерім ғаламат,
Табиғаты бар ғажап-ақ.
Елді қорғаңдар, жерді сақтаңдар,
Бабадан қалған аманат!
Өшпесін жарық шынары,
Құт мекенім тұрағым.
Заманның көрген сынағын.
Жаса қазағым, қазағым!
Туған жер – алтын бесігім,
Әлемге ашып есігін.
Паш еткен қазақ есімін,
Жаса қазағым, жаса қазағым!
Қайырмасы
Қиындық көрмей тағдырың,
Дөп көктен төксін таң нұрын.
Арналсын саған ән-жарым.
Жаса қазағым, қазағым!
Айқаспен өтіп көп күнің,
Тәуелсіздікке жетті күн.
Ұрпағы сенсің тектінің
Жаса қазағым, жаса қазағым!
Қайырмасы