№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Абдулмахмуд Пошатаев | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Сынық қанат көңілің, болса қалай самғайсың?
Бәрі жақсы болар деп өз-өзіңді алдайсың.
Бір тәулікте күн мен түн, жатыр әне алмасып,
Зымырайды уақыт, қусаң жете алмайсың!
Түсінбейді ешкім де, айта қойсаң жайыңды,
Мүсіркеген болады, сөз айтпайды пайымды.
Ақылың мен қайратың осы кезде сыналар,
Өзің ғана жеңесің іште жатқан уайымды.
Қайырмасы:
Жанарыңнан мөлт етті,
Бір тамшы жас, жылама.
Алғаныңды қайтар да, бермегеннен сұрама.
Тас кенедей тарылмай,
Тағдырыңа шағынба,
Бақ пенен тақ ауыспай мәңгі бақи тұра ма?!
Дүние шіркін құл базар, құныңды біл құнықпа,
Отаныңды, өзіңді, ұлыларды ұлықта.
Бір кем дүние жалғанда есебі түгел ешкім жоқ,
Ал, біреуде жоқ байлық, сенде барын ұмытпа.
Өмір деген қылбұрау, жаныңды да жалдайсың,
Мың сүріну, мың құлау, содан сабақ алғайсың.
Өмір деген осындай, қызға жазған хат емес,
Жыртып тастап жаңадан, қайта жаза алмайсың.
Қайырмасы