№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Бешен | |||
2. | Дәлелбек Әбдіғалиұлы |
Ғұмырыңды арнадың ұрпағыңа,
Сеннен артық жанбар ма қамқор пана.
Күндіз-түні көз ілмей тілеу тілеп,
Әлпештеген біздерді өзің ғана.
Қайырмасы:
Асылданған асыл ана,
Мейірімің тұр нұрландыра.
Өзіңе алғысымды айта берем,
Сәбилік жүрегіммен арнап өлең,
Асылданған асыл ана.
Балаң үшін өзіңдей асыл бар ма,
Мейірімің жалғассын ғасырларға.
Арманына жетсіндеп тілеу тілеп,
Жүрегіме дем берген өзің ғана.
Қайырмасы
Жасай берші анашым жүрегімде,
Өнегесің, үлгісің бұл өмірде.
Өткен сайын күндерің аялаймын
Жұпар иісі аңқыған сая бағым.
Қайырмасы