№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Эльмира Сәрсенбайқызы |
Сен менің жүрегіме қақпай кірдің,
Ғашық болдың ұнатып тақпай бір мін.
Көңілімнің көгінен бір-ақ шығып,
Формуласын сезімнің сақтай білдің…
Қайырмасы:
Сендік жүрек – тұрағым, шат-мекенім,
Сенен білдім шынайы бақ не екенін.
Сен арқылы ғұмырдың барын білдім,
Сен арқылы сезіндім тәтті екенін.
Ұнап қалып... көзіңнің қарашығы,
Сен бе дедім жанымның жарасымы.
Тұтанғандай нәзік бір сезім оты,
Ашылғандай жүректің жаңа сыры.
Қайырмасы