№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Роза Атақаева |
Ән бар жерде өмір бар сазы бөлек,
Ұлтым барда дәстүрмен назым бөлек.
Қазағыммен жаны бір адамдардың
Таңы шуақ болады, жаны да ерек.
Қайырмасы:
Ән-жырым шаттығымды жарлай берсін,
Көгімде ақ қанат боп самғай берсін.
Сән-салтанат, дәстүрім көш-керуенмен,
Кең даламды толтырып шарлай берсін!
Камзол, шапан, кимешек – асыл мұрам,
Ақ батамен ақ тілеу жолға шығам.
Қызым төрде, келіндер күнде иіліп,
Маңғыстауым дәстүрмен мың жасаған.
Қайырмасы
Нар ұлтымның танытып дара парқын,
Сақтайықшы атадан қалған салтын.
Сәнге толған сол күнді асқақтатып,
Қазағымның бұзбайық маңғаз қалпын!
Қайырмасы