№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Елнұр Қайратұлы |
Берекесі қайнаған қазанында,
Қойнауы кен, табиғат ғажабы ма?
Ұлы Керей, Жәнібек туын тігіп,
Хан атанған құт мекен қазағыма.
Қайырмасы:
Сырлы Созақ даласы,
Құшағы кең, қарашы!
Мақтанышпен қарайтын қазағым.
Жалынды да жастары,
Шабыт берген аспаны,
Тарихы мол киелі Созағым,
Туған жерім!
Қасиеті құнарлы құмдарында,
Тағдырдың қарсы тұрған сындарында.
Теріскейі Шәмшінің жаңғырады,
Келіншектау, Мыңжылқы шыңдарында.
Қайырмасы