№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбол Қожахметов | |||
2. | Ермек Қожахметұлы |
Өмірге келген, киелі мекен,
Өзіңе жетер жер барма.
Аялап мені, сүйетін сендей,
Самалы салқын жел барма.
Күн нұры түссе, күлетін едім,
Аралап сенің саяңды.
Туған жер елім, жүрегім менің,
Әнімсің мәңгі аяулы.
Қайырмасы:
Самалы салқын, үрмелі желі,
Тербеліп тұрар қарағай.
Ғажайып өлке, Сүмбенің жері,
Киелі мекен далам-ай.
Бәрібір Сүмбем,көңілге жақын,
Сендей жер қайдан табылар.
Қайтадан келсем, өмірге тағы,
Көшпейтін едім ауылдан.
Балдан да тәтті, бұлағың аққан,
Жаныма дауа теп-тегін.
Өзенің – мөлдір, құрағың – мақпал,
Туған жер өмір мектебім.
Қайырмасы