№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марияш Қапизқызы | |||
2. | Матқұлбек Маясаров |
Көгімдегі күндейсің,
Жерімдегі гүлдейсің.
Жақсы көрем анашым,
Жүрек сөзім, білгейсің.
Қайырмасы:
Аяулымсың ақ анам,
Бақытымсың жан анам.
Мейірімің, жылуың,
Жанарыңнан тараған.
Алақаның – аялы,
Жан жүрегің – саялы.
Өзің болсаң қасымда,
Бақытым да – баянды.
Қайырмасы
Қуат берген жаныма,
Тәтті сөзің – қазына.
Көрмей қалсам кей сәттер,
Қалам жүдеп, сағына.
Қайырмасы