MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Менің ағам жақсы адам
Әннің атауы
Әннің атауы:
Менің ағам жақсы адам
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№70, 23 маусым 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жібек Искакова
2.Жұпаркүл Бекшораева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Менің ағам – асылдың сынығындай,

Таза мөлдір бұлақтың тұнығындай. 

Бауырларын қолдайды, қарындасын,

Шаттық сыйлап саналы ғұмырында-ай...! 

 

Қайырмасы: 

Менің ағам – әкемдей дара туған,

Қуат беріп, демейтін қанатымнан.

Менің ағам жақсы адам, парасатты,

Адамдардың көңілін табатын жан. 

 

Менің ағам – айбынды, айдыны бар,

Жарқыраған жұлдызы, ай, күні бар.

Арманы мен мақсатын ұштастырар,

Таусылмайтын рухани байлығы бар. 

 

Қайырмасы

 

Менің ағам – осындай нар тұлғалы,

Ұнатады қуантып, таң қылғанды.

Кеңпейілді, мейрімді жүрегі бар,

Бір өзіне баурайтын барлық жанды.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика