№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бәкір Тәжібаев | |||
2. | Ескендір Хасанғалиев |
Сағындым сені сағындым еркем,
Қызғалдақ толы көктемде.
Сағындым еркем сазымен көркем,
Қаңқылдап қаздар өткенде.
Қайырмасы:
Сағындым сені,
Аяулым келсеңші маған ән болып,
Сағындым сені,
Аяулым келсеңші маған, келсеңші маған ән болып.
Қайда сен жүрсің, аяулым еркем,
Нұрлы жаз күліп жеткенде.
Өзіңе арнап ән күйді шертем,
Сағыныш сазы көп менде.
Қайырмасы