№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Рысбек Кемелшеұлы | |||
2. | Қайсар Жүсіпов |
Жанымның табар бар емін,
Сахына менің әлемім.
Баладай балғын жасымнан,
Өнерге ғашық жан едім.
Қалың ел жұртым ордалы,
Өнердің қиын жолдары.
Басыма қонған бағымды,
Бағалай алсам болғаны.
Қайырмасы:
Содан соң таға тағы әндер,
Құйылар жүрек таңдайдан.
Алдымда халық бағым төр,
Сахналық өнер қан майдан.
Шарықтай түссе шартарап,
Қалайша әнім тарқамақ.
Өнердің жүгін дайынмын,
Жүруге мәңгі арқалап.
Жарасым тапса жан мұңым,
Бақытқа толар әр күнім.
Басымнан өткен әр бір сын,
Ол менің ғана тағдырым.
Құбылар көңіл сан түрлі,
Сынайды өмір әр кімді.
Өнерімді елге қисамда,
Қимаймын бірақ халқымды.
Қайырмасы