№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Халық әні |
Аяғыма кигенім былғар етік сәулем-ай,
Табанымнан барады ызғар өтіп сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп сәулем-ай,
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп сәулем-ай.
Қайырмасы:
А-хоу,
Сәулем, сәулем, сәулемсің,
Басымдағы дәуренсің.
Жақсы болсаң – сәулемсің,
Жаман болсаң – әуремсің.
Ағынанда алманың көгі жақсы сәулем-ай,
Барыныңда жаманның жоғы жақсы сәулем-ай.
Бір сөз айтсаң жаманға теріс қарар сәулем-ай,
Қорғасындай балқыған қайран жастық сәулем-ай.
Қайырмасы
Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай,
Шын сүймесең көңілімді, бермес едім, сәулем-ай.
Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай,
Сен болмасаң, бұл жерге келмес едім, сәулем-ай.
Қайырмасы