№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов |
Арманы – асқақ,
Рухы – биік абзал жан.
Қамқор болған, шипагерсің,
Жанға қорған, жанға қорған.
Қайырмасы:
Дәрігерлер, дәрігерлер,
Қадірлісі халқымның.
Дәрігерлер, дәрігерлер,
Арашасы жанымның.
Ақ халатты абзал жандар,
Қадірлісі халқымның.
Ақ халатты абзал жандар,
Арашасы жанымның.
Өмір силап,
Шаттық берген абзал жан.
Жан аямай, еңбек еткен,
Дәрігерсің сыйлы адам.
Қайырмасы
Антқа адал,
Жанға үміт жинаған.
Күндіз-түні, жұмыс істеп,
Қайта өмір силаған.
Қайырмасы