№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақыт Шаяхметов |
Алыстан көрініп тұр Арғанаты,
Екі тау ерекше боп аталады.
Туған жер алтын бесік тұғырымсың,
Осы әнім ауылыма арналады.
Қайырмасы:
Туған жерім – Жамбылым,
Өзіңсіз ғой ән, жырым.
Бұлағыңнан су ішсем,
Құмарымды қандырдың.
Үңгірлі, Шұбарағаш жайлауым-ай,
Бегетай, Кеңсайымнан айналдым-ай.
Әкежан, Қызылқайың мақтан етем,
Сағынып Көктоғамға барғаным-ай.
Қайырмасы
Қос өзен нәр береді даламызға,
Қуанып әсем әнге саламызба,
Бабамның тұлпарының ізі қалған,
Суырлы тау өзіңе барамызба.
Қайырмасы
Жамбылым-ау арайлы
Күн шығыстан тарайды.
Сенен асқан жер барма,
Ел қызығып қарайды.