№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Елнұр Қайратұлы | |||
2. | Мәди Айжанов |
Маған берген басыма сынын Алла,
Түсінемін шарасыз, ұғынамда.
Биік еді әкемнің қамқорлығы
Көк тіреген биік,
Көк тіреген биік тау шыңынан да.
Біздер үшін қуанып, мақтанатын,
Ақ көңілін аямай ақтаратын.
Жебем менің мұқалған...
Әкем барда!
Қара тасты сірескен,
Қара тасты сірескен қақ жаратын.
Амалсыздан шағады балаң мұңын,
Қалып қойса кешіргін балалығын.
Ұрпағыңа мың жылдық азық болсын,
Бойға сіңген дәрия,
Бойға сіңген дәрия даналығың.
Асқар тауда бұйрықпен шағылады,
Алып, дара Бәйтерек бағыналы,.
Бүршік жарған жапырақ ұрпақтарың,
Еске алып өзіңді сағынады.