№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алма Қабишева | |||
2. | Марат Жолдыбаев |
Табам деп сені жыр жазам көптен,
Іздеймін сені, самалдан өпкен.
Сағынам сені, келгенде көктем,
Қалаулым менің кездеспей кеткен.
Айтшы сен маған, қайдасың, қайда,
Жетем деп саған, ұшсам ба айға.
Көрмей-ақ саған ғашық боп қалғам,
Қалаулым менің шықсаңшы алдан.
Қайырмасы:
Әлде сен алыс жүрсің бе шетте,
Көрінбесең де көңілден кетпе.
Кешірші мені, кешірші мені,
Тілегім көп пе, тілегім көп пе.
Мен өтпей сен де өмірден өтпе,
Мазаңды алсам, кінә артып сөкпе.
Кешірші мені, кешірші мені,
Тілегім көп пе, тілегім көп пе.
Күлім деп күндей, өңімде бір күн,
Сағынған кезде, келсең ғой шіркін.
Жеткендей үнің, алыстан сенің,
Кездеспей кеткен қалаулым менің.
Сағынтпай жаным жанымда қалшы,
Көпшікке тамған осы жыр тамшы.
Армандай мәңгі алау боп жаншы,
Арнадым жырым сен жаттап алшы.
Қайырмасы