№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жамбыл Жұманбаев |
Немерем, айналайын, құлыншағым,
Тиіскен әр нәрсеге ұрыншағым.
Ұрпағым өмірімнің жалғасы бол,
Жарқырап қарсы алдыңнан болашағың.
Қайырмасы:
Немерем, немерем,
Ән жырым өзімнің,
Қарасы көзімнің немерем!
Ән жырым өзімнің,
Қарасы көзімнің,
Мәтелі сөзімнің немерем!
Немерем айналайын ботам менің,
Еркелеп қасыма кеп ата дедің.
Бой түзеп күннен күнге өсе берші,
Осы өлең саған берген батам менің.
Қайырмасы
Немерем, айналайын қоңыр қозым,
Жаттап өс, қазағыңның әнін, сөзін.
Еліңнің елеулі бір адамы бол,
Өзіңе өсиет қып, айтар назым.
Қайырмасы