| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Самат Сыпатайұлы | |||
| 2. | Фариза Оңғарсынова | |||
Сол бір кеш Ақшоқының етегінде,
Мәңгілік махаббаттың мекенінде.
Әнің мен ақ сезімді тербетіп ең,
Қиналдым қоштасуға,
Қиналдым қоштасуға кетерімде.
Қайырмасы:
Ақшоқы Арман түндерім,
Ән бе едің әппақ нұр ма едің.
Сол бір кеш сол бір сезімдер,
Жанымды тербеп жүр менің.
Қалқыса аспанынан ән арылмай,
Көрікті болады екен дала мұндай.
Жұлдыздар жаудырайды маған қарап,
Өзіңнің аймалаған,
Өзіңнің аймалаған жанарыңдай.
Қайырмасы
Жылдардың жырақтатып жаңбырларын,
Жаныма сәуле құйды таң құндағым.
Тоғжанын аңсап өткен Абайдайын,
Жүректе сағыныш боп,
Жүректе сағыныш боп қалдың жаным.
Қайырмасы