| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Белгісіз автор | |||
| 2. | Ермек Қожахметұлы | |||
Таң атады кеш батады қайталап,
Біреу үнсіз біреуі жүр айғайлап.
Күн мен түннің көрінісі секілді,
Бірі жылап біреуі жүр той тойлап.
Бірде шаттық бірде мұң бар алмасқан,
Жақсылық бар сынақтарға жалғасқан.
Бетке күліп силасқандай болғанмен,
Көздер көрем бір бірімен арбасқан.
Бірде ұтылып бірде жеңіс болғанмен,
Жеңілместей дара жолды салғанмен.
Біз айтысып тартысқанмен алысып,
Өмір ғана жеңеді екен талғаммен.
Бірде ашсың бірде тоқсың көңілге,
Кейде жылап наз айтасың өмірге.
Кейде мәзсің той жасайсың шашылып,
Қуанасың келгеніңе өмірге.
Бірде суық бірде ыстық жанасың,
Шыдай алмай кейде естен танасың.
Жақыным деп жүргендердің жанынан,
Жақыныңды іздеп таппай қаласың.
Бірде доссың бірде жатсың біреуге,
Сәл қисайса ұмтыласың тіреуге.
Қиналғанда жат болады сол досың,
Ұмтылмайды иығыңнан сүйеуге.
Бірде жалған бірде ғажап бұл өмір,
Бірде жылап бірде ойнап күлеміз.
Бірде ащы бірде тұщы болса да,
Біз бәрібір бұл өмірді сүреміз.