| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жұмагүл Байділдаева | |||
| 2. | Сайлаубек Елманов | |||
Қызылордам көз тартады ерекше,
Жайқалады көшелері бөлекше.
Сая бақ, та барлығы да жаңаша,
Елім сондай еңбек сүйген ерек пе?
Қайырмасы:
Қызылордам – бізге қорған,
Көрмеген жан сізге арман,
Көшелері – жасыл орман, Қызылордам.
Даналары, даралары қазақтың,
Ақмешітте қазақтығым ғажап тым.
Бүлінбеген салт-дәстүрің сол күйі,
Бақшасындай гүл жайнаған ләззаттың.
Қайырмасы
Сырға толы, жырға толы мекенім,
Туған қалам саған тағзым етемін.
Мен балаңмын, сен анамсың әлдилер,
Мәңгі бақи қастерлеумен өтемін.
Қайырмасы