| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жібек Искакова | |||
| 2. | Роза Шығанақова | |||
Санаспайтын сағаттың тіліменен,
Санасатын халықтың үніменен.
Ақ халатты мейрімді асыл жандар,
Жүзіңізден айналдым күлімдеген...
Қайырмасы:
Ақ халатты абзал жандар,
Жаратқанның үні сіздер!
Ақ халатты абзал жандар,
Атар таңның күні сіздер!
Ақ халатты абзал жандар,
Өмірдің ақ гүлі сіздер!
Ақ халатты абзал жандар,
Ғажайыптың бірі сіздер!
Гиппократтың антымен оянатын,
Диогнозды нақтылап қоя алатын.
Ақ халатты мейрімді асыл жандар,
Дидарыңнан айналдым тоя алатын!
Қайырмасы
Қызметте жүретін күндіз-түні,
Арқалаған жауапты іс, елдің жүгі.
Ақ халатты мейрімді асыл жандар,
Сіздерсіздер шуақты елдің күні!
Қайырмасы